Новости клуба

12 октября "ОРДАБАСЫ" КОМАНДАСЫ ОТЫРАР АУДАНЫНДА.  "ОРДАБАСЫ" КОМАНДАСЫ  ОТЫРАР  АУДАНЫНДА.

 Футболдан премьерлигада облыс намысын қорғайтын «Ордабасы» командасы Отырар ауданында болып өз жанкүйерлерімен кездесті.  "Ордабасы"командасы өз тариxында болмаған ұлы белесті бағындырғалы тұр.Елбасының "Руxани жаңғыру-болашаққа бастау"бағдарламасы негізінде,осы сапар алдында клуб президенті Бақтияр Байсейтов бастаған құрама мүшелері Отырар ауданында болып Арыстанбаб кесенесіне тәу етті.Осындағы тарихы жәдігерлер қойылған Отырар өлкетану мұражайында болды.  Кездесуге асық болған өз жанкүйерлерімен кездесіп олардың сенімдерін ақтайтынын айтты. Бұдан соң адан әкімі Ерлан Айтаxановтың қабылдауында болып,футболдың болашағы жайында пікірлер алмасты.

Ерлан Айтаханов- Отырар ауданының әкімі:

- Елімізде футбол саласы қарқынды түрде дамып келеді. Біз сол мығым командалардың көшін бастап келе «Ордабасы» командасы үшін мақтан тұтамыз. «Ордабасы» клубының президенті мен бас бапкер Алексей Петрушин мырзаларға біздің қабылдауымызды алып аудан халқымен кездесуге келгендері үшін алғыс айтамыз. Осындай шаралар спорттың дамуы мен салауатты өмір салтын терең орнатуға өз септігін тигізеді.  

Өз кезегінде «Ордабасы» клубының президенті Бақтияр Даниярұлы аудан басшысына команда құрамасы атынан арнайы сый-құрмет көрсетіп «Ордабасы» командасының ескерткіш сыйлығын табыс етті.

Бақтияр Байсейтов – «Ордабасы» футбол клубының президенті :

     -Қасиетті Отырар ауданында болған сапарымыздан рухани күш-жігер алдық. Осындағы Арыстанбап кесенесінде,Отырар қорық-мұражайларды аралап,одан алған әсеріміз шексіз. Осындай кездесулерді  ұйымдастырған аудан әкімі Ерлан Қуанышұлына команда атынан алғыс айтамыз. Мұндай шаралардың жас ұрпақ санасына әсері мол. Осындай даңқты футболшыларды көрген жас балалардың футболға деген сүйіспеншілігі арта түседі.Ертеңгі күні ауданнан талантты футболшылар шығып жатса «Ордабасы» командасының жасөспірімдер орталығына қабылдауға әркез дайынбыз. Алдағы кезде де осындай екі жақты байланыстарды нығайта береміз.

Бұдан кейін "Ордабасы"футболшылары,Шәуілдерде салынған заманауи стадионында аудан құрамасымен жолдастық кездесу өткізді. Қайрат Әшірбеков бастаған жігіттер ойында басым болғанымен, «Дала мен қала» облыстық чемпионатында лайықты тұрғыда өнер көрсетіп жүрген алаң иелеріде қарсылық танытып бақты.

    Аса тартыспен өткен матч 6-5 есебімен "Ордабасының" пайдасына шешілді.Енді мұндай кездесулер Мақтаарал, Түркістан,Сайрам секілді облысымыздың. киелі жерлерінде жалғасады.




comments powered by HyperComments

Матч-центр