Новости клуба

03 октября «ОРДАБАСЫ» СОҢҒЫ СЕКУНДТА ЖЕҢІСТІ ЖҰЛЫП АЛДЫ. «ОРДАБАСЫ» СОҢҒЫ СЕКУНДТА ЖЕҢІСТІ ЖҰЛЫП АЛДЫ.

«ОРДАБАСЫ» СОҢҒЫ СЕКУНДТА ЖЕҢІСТІ ЖҰЛЫП АЛДЫ

 

«Ордабасы» - «Акжайык» 3:2 (1:1)

Гол салғандар: Толебек Мардан 38 (1:0) , Одибе Майкл 45+1 (1:1) , Вуяклийа Срджан 50 (2:1) , Главина Денис 73 (2:2) , Йорданов Преслав 90 (3:2)

     Бұл кездесудің алаң иелері үшін маңызы зор болды. Сондықтанда А. Петрушин шәкірттері бірден ойын тізгінін өз қолдарына алып шабуылға беттеді. Мардан Төлебек айып соққысынан қақпашының қырағылығын бір тексеріп көрді. Қонақтар сапында Заречный жасаған шабуылға «Ордабасы» қорғаушылары тойтарыс берді. Ойынның 38-минутында «Ақжайық» қорғаушылары Азат Нұрғалиевтен пас алып жеке шығып бара жатқан Вуаклияны өрескіл  шалып құлатты. Осы жерден белгіленген айып соққысын Мардан Төлебек асқан шеберлікпен орындап қақпа торын тулатты.Қақпашы Котляр орнынанда қимылдай алмай қалды.Есеп 1-0. Алаң иелерінің  қуанышы ұзаққа бармады. Кезекті бұрыштама добын орындау кезінде айып алаңында жеке қалған Одибе жойқын соққы жасап есепті теңестірді. Есеп 1-1. Екінші таймда да «Ордабасы» басым болды. Кездесудің 50-минутында сол қанаттан айып соққысын орындаған Азат Нұрғалиев айып алаңында тұрған Вуаклияны дәл тапты.Өз кезегінде Вуаклия баспен бағыттап тамаша гол салды. Есеп 2-1. Вахид Масудов баптайтын оралдықтар да қол қусырып қарап отырмады.74 минутта кезекті шабуыл кезінде жеке дара бақылаусыз қалған Денис Главина  Бекбаевты қапы қалдырды. Есеп 2-2. Осындай қиын кезде жарқ ете қалатын Еркебұлан Тұңғышбаев тағы да сол қанаттан бірнеше ойыншыны алдап өтіп  барып айып алаңына пас тастады. Осы жерде оқша атылған Йорданов барлық қорғаушыдан бұрын жетіп жеңіс голының авторы атанды. Есеп 3-2. Бұл кездесудің соңғы минуты еді. Төрешінің ысқырығы естілісімен жанкүйер қауымы қола медалға қол созым қалды деп қуаныштан бірін-бірі құттықтасып жатты.Ойын соңынан болған баспасөз мәслихатында Алексей Петрушин  90-пайыз медалға деген мүмкіндік бар екенін жеткізді. Оны алдағы «Ақтөбе» мен «Оқжетпес» командаларымен болатын ойын шешеді. Жанкүйер 15-жыл  тағатсыздана күткен қола медальдің  ауылы алыс емес сияқты. Сол бір жеңісті күнге жеткізе берсін!   




comments powered by HyperComments

Матч-центр