Новости клуба

30 августа «ОРДАБАСЫ» СОҢҒЫ МИНУТТА ЕСЕПТІ ТЕҢЕСТІРДІ.  «ОРДАБАСЫ» СОҢҒЫ МИНУТТА ЕСЕПТІ ТЕҢЕСТІРДІ.

     Қызылорда қаласында өтетін «Ордабасының» ойыны қашанда қиындыққа толы болатыны белгілі. Алаң қожайындары жергілікті жанкүйердің қолдауымен бірқатар шабуылдарды ұйымдастырды. Джордже мен Курьо жұбы қонақтардың қорғанысын бұзып өте алмады. «Ордабасы» сапында Азат Нұрғалиев «Қайсар» қақпашысы Григоренконы бірнеше қырынан сынға алды. Дегенмен қақпа кілті оңайлықпен ашыла қоймады. Ойынның екінші кезеңі нағыз жанкүйер күткен ашық футболға ұласты.  Алма кезекті шабуылмен жарақат алған футболшылардың қатары көбейе бастады. Каньяс,Фонтонелло секілді мықты футболшылар жарақатына байланысты алаңнан кетті. Ал, Ковальчуктің берген тамаша пасын голға айналдырған Тұңғышбаевтың голы есепке алынбады. Өз командасының шын серкесіне айналған Мақсат Байжанов баспен бағыттап қақпа маңдайшасын дәл көздеді.Ойынның 65- минутында Джордженің қапталдан жасаған пасын, айып алаңында жеке тұрған Милан Бойович қақпаға дәл бағыттады. Есеп 1-0.

      Осы есепті ұстап қалу үшін жаппай қорғанысқа көшкен алаң иелерінің мақсаты орындалмады. Кездесудің қосымша уақытында,тіпті соңғы минутта аса тәжірибелі Самат Сымақовтың 30 метрдей жерден  айып соққысынан шірене тепкен добы «Қайсар» қақпасының торында тулап жатты.Есеп 1-1. 

Осылайша соңғы минутта «Ордабасы» таразы басын теңестіріп кетті. Ойын соңынан болған баспасөз мәслихатында команданың бас бапкері Алексей Петрушин: «Жеңіске бергісіз тең ойын болды.Шәкірттерімнің мынадай жасанды алаңда қайсарлық көрсеткеніне аса риза болдым»- деп атап өтті.

      Енді жерлестеріміз 10- қыркүйекте өз алаңында тағы бір көрші облыстың командасы «Тараз» футболшыларымен күш сынасады. Бұл ойын бұдан да қызықты болады деп күтілуде. «Ордабасы» командасына сәттілік тілейміз!  




comments powered by HyperComments

Матч-центр