Клуб жаңалықтары

24 Ақпан Рубен Бриджидо: «Шымкентте болуды тағатсыздана күтіп жүрмін» Рубен Бриджидо: «Шымкентте болуды тағатсыздана күтіп жүрмін»
"Ордабасы" футбол клубының португалиялық футболшысы, клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында футболдағы алғашқы қадамдары туралы, шымкенттік клубты қалай таңдағаны және «Берое» командасымен келісім-шартты ұзартпауға арналған шешімі туралы айтып берді:  

Футболмен қалай айналыса бастады 
- Менің футболдағы қадамым өзіміздің үйіміздің жанындағы шағын клубта басталды. 11 жасымнан футболға кәсіби тұрғыда ден қоя бастадым. 3-4 жыл лиссабонның "Спортинг" командасының жасөспірімдер орталығында шеберлігімді жетілдірдім. Ересектер арасында кәсіби ойыншы ретінде өзімнің алғашқы футболымды бастаған клубыма оралдым. 

"Ордабасы" клубымен келісім-шарт туралы 
- Бірінші рет "Ордабасы" тарапынан қызығушылық екі жыл бұрын пайда болды. Биылғы жылы нақты ұсыныстармен келісімге келе алдық. Енді Қазақстан чемпионатында 3 орынды жеңіп алған мықты клубта ойнау мүмкіндігі бар, және бұл маған берілген бақыт деп білемін. 

«Берое» клубымен келісім-шартты ұзартпау туралы 
- Мен болгарияның "Берое" клубында үшін 3 жыл ойнадым. Менің келісімім жарты жылдан кейін аяқталуы тиіс еді. Олар тағы бір жылға ұзартуды көздеді. Алайда бір елдің жүлдегері атанған "Ордабасы" клубына ауысып, мансабымды осы жерде жалғастыруға мүмкіндік пайда болған кезде, мен өз елінің көшбасшы болып табылатын клуб үшін жағдайды өзгертіп, осында ойнауға ұйғарым жасады. 

Қазақстандық чемпионаты туралы 
- Мен жалпы Қазақстан чемпионаты туралы хабарым бар. Еуролигаларда ойнап жүрген "Қайрат" және "Астана" клубтарымен кеңірек таныспын. Мен өз достарымнан жергілікті клубтармен мен чемпионат жайында қызығушылық танытып сұрап тұрдым. 

 "Ордабасы" клубы және Шымкент қаласы жайында 
- "Ордабасы" өз чемпионатындағы көшбасшылардың бірі. Бұл өз дәстүрі бар, тамыры тереңде жатқан футбол клубы. Өткен жылды клуб чемпионатта 3 орынмен аяқтады. Біз жаңа маусымда бірге осы нәтижені жақсартамыз деп үміттенемін. Шымкент қаласына келер болсам, мен мегаполис қаламен әлеуметтік желілер арқылы ғана таныспын. Бұрын бұл шахарды болған жоқпын. Оның мегаполис қала екендігін білемін. Мен Шымкент қаласына келуді асыға күтіп жүрмін. Осы қалада өзім үшін қызықты, әрі тарихи сәттерімді қалыптастырғым келеді. 

Командадағы қарым-қатынастар жайында 
- Командадағы жігіттер мені жақсы қабылдады. Құрама мүшелері маған жан-жақты көмектесіп жатыр. Маған қандай көмек керек екендігін, неге мұқтаж екенімді сұрайды. Барлық команда мені тамаша қабылдады және мұнда өзімді жайлы сезіну үшін өзімнің шеберлігімді көрсетемін. 

Алаңдағы позициясы туралы 
- Өткен жылы мен оң қапталда және сол қанаттағы вингер позициясында ойнадым. Мен сол қапталда өзімді жайлы сезінемін. Мен үшін алаңдаған кез келген орын мәселе емес. Мен ойын схемасы туралы ойлауға тиіс емеспін. Мен алаңдағы өз іс-қимылдарымды жүзеге асыру туралы ойлауға тиістімін. Бұл жүйедегі менің рөлім, бас бапкердің нұсқаларына байланысты жүзеге асып отырады. 

Цхададзенің басшылығымен болған жаттығулар 
- Мен командамен тек бір апта ғана жаттығып жатырмын. Бас бапкер бізге ең жақсы мүмкіндіктерді беруге тырысатынын түсіндім. Ол бізді алаңға дұрыс орналасуға және ойын сызбасын сезінуге үйретеді. Сондай-ақ, мен оның әрбір ойыншымен жеке сөйлесуге, өз ойын нақты жеткізуге тырысатынын көремін. Менің ойымша, бұл бапкердің жақсы қасиеті. 

Белгілі португал футболшыларымен қарым-қатынасы туралы 
- Португалияның белгілі футболшыларымен аса таныстығым болмаса да, болашағы мол Данилу Перейрумен ("Порту" капитаны және Португалия құрамасының ойыншысы) жақсы қарым-қатынастамын. Сыйласып тұрамыз! 

Жаңа маусым-жаңа мақсаттар 
- Менің айтарым - бұл команда өз мақсатына жету үшін көп жұмыс істейтін болады. Мен "Ордабасы" командасының алдына қойылған міндеттерді толық орындау үшін, жанкүйерлердің жоғары талабын орындай алатын білікті футболшылардың бар екендігін көрдім. Барлығына да уақыт төреші болады. Күш жігерімізді саламыз!

 




comments powered by HyperComments

Матч-центр