Клуб жаңалықтары

16 Мамыр Денис Измайлов - «Ордабасы» - «Тараз» ойынының бас төрешісі болып тағайындалды. Денис Измайлов - «Ордабасы» - «Тараз» ойынының бас төрешісі болып тағайындалды.
ҚФФ төрелік ету жəне қадағалау департаменті Премьер-лиганың 11 тур ойындарына қызмет ететін төрешілерді анықтады. Нəтижесінде 18 мамыр күні Шымкентте өтетін  «Ордабасы» пен «Тараз» командалары арасындағы ойынға Денис Измайлов (Талдықорған) төрелік етеді.
Аталмыш маманға Ринат Якбаров (Семей) мен Сергей Васютин (Алматы) көмектесетін болады.
Кездесудің резервтегі төрешісі Жандос Абжан (Шымкент) болса, инспекторлық қызметті Виталий Каган (Алматы) атқарады.



comments powered by HyperComments

Матч-центр