Клуб жаңалықтары

05 Мамыр «Ордабасы» командасы «Атыраумен» тең ойнады. «Ордабасы» командасы «Атыраумен» тең ойнады.

Екі команданың кездесуі "Ордабасының" жаппай  шабуылымен басталды. Алғашқы минуттан алаңға шыққан Тоқтар Жанғылышбайдың бірнеше мәрте мүмкіндігі болғанымен, оны голға айналдыра алмады. Бұдан кейін ұйытқыта соққан желдің әсері болды ма сүреңсіз ойындар сериясы басталды.

Ойынның екінші кезеңінде шабуылды үдеткен "Ордабасы" кездесудің 54-минутында  гол салуға қол жеткізді. Аргентиналық Пабло Фонтанелло айып алаңында әуелеп келе жатқан допты тоқтатпай  соғып есеп ашты. Керемет гол. Есеп 1-0

       "Ордабасы"осы голдан кейін сәл тізгінді босатып алғандай болды. Бұл мүмкіндікті мүлт жібермеген «Атырау» командасының  алмасып кірген ойыншысы Владимир Воменко есепті теңестіріп кетті. Есеп 1-1

 Жеңіске қол жеткізу үшін команданың бас бапкері Кахабер Цхададзе алаңға жас футболшыларды шығарды. Үміт артқан бұл футболшщылар да таблодағы есепті өзгерте алмады. Қорытынды есеп 1-1.




comments powered by HyperComments

Матч-центр