Клуб жаңалықтары

04 Мамыр «Ордабасының» екі ойыншысы үздік құрамда «Ордабасының» екі ойыншысы үздік құрамда

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының ресми сайты ойыншылардың алаңдағы нәтижесін есептейтін Instat компаниясының мәліметтеріне сүйене отырып, Қазақстан Премьер-лигасының сегізінші турының үздік ойыншыларынан құралған таңдаулы құрам жасақтады. Таңдаулы құрамға шымкенттік «Ордабасының» қақпашысы Дмитрий Непогодов пен  қорғаушысы Сергей Малый енді.

Қақпашы: Дмитрий Непогодов, «Ордабасы» 
 
Турдың орталық ойынындағы тең нəтиже – Дмитрий Непогодовтың жеңісі іспеттес, себебі бұл голкипер өзінің «құрғақ» сериясын бұзып алғандығына қарамастан, сапалы матч өткізді. Ол əріптестерін үш қауіпті сəтте керемет құтқара білді, əсіресе 11-метрлік айып добын тосып, командаластарына жігер бере алды. Индекс ұпайы – 250. 
 

Орталық қорғаушы: Сергей Малый, «Ордабасы»
 
Малый өзін əлі де болса сенімді қалпында ұстап келеді жəне турдың үздік ойыншыларының қатарына төртінші рет кіріп отыр. Ұзын бойлы орталық қорғаушы Қостанайдағы өткен кездесуде 286 индекс ұпайына ие болды. Ол 87% пайыздық көрсеткішпен дəл пастар берді, доп үшін күрестің 80%-да жеңіске жетті, əуедегі допқа таласта 7 рет жеңіске жеткен (100% көрсеткіш), 12 рет қарсыласқа ұмтылып, 9 рет тосқауыл жасап, 4 рет допты тартып алған. 




comments powered by HyperComments

Матч-центр