Клуб жаңалықтары

09 Шілде "Ордабасы" өз алаңында "Қайсардан" ұтылды "Ордабасы" өз алаңында "Қайсардан" ұтылды

"Ордабасы"-"Қайсар" 1-2

Гол салғандар: 1:0 Диакате, 9 (11-метрлік пенальтиден), 1:1 Курьор, 57 (11-метрлік пенальти), 1:2 А.Тағыберген, 77.

 Бір матчта екі пенальти белгіленді."Ордабасы" барлығын жақсы бастады.Ойын алдында Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдіраxымов футболшылармен кездесіп команданың болашағы жайында,қаржы мәселесі оңынан шешілетіні туралы өз ойын айтып,келешекте команда қаланың бюджетіне қаралып,қаржылық жағынан қолдау болатынын жеткізді.Жеңіске жетелеп жігіттерге жігер берді.Көптен бері айлықтарын алмай қиналып жүрген ойыншылар мынадай жарқын сөзді есітіп абдырап қалған секілді.Алғаш болып Диакате 11-метрліктен есеп ашқанымен,қызылордалықтарда 11-метрлік пенальтиден есепті теңестірді.Осы есепке қанағат етпеген қонақтар қоймай артынша Асқат Тағыберген тамаша гол салып есептегі жеңіске қол жеткізді.Екінші голды қақпашы. Давид Лория қайтаруы тиіс еді.Алайда жасы қырыққа таяп қалған ардагер қақпашы дөңгелеп бара жатқан қарапайым допты қайтара алмады."Ордабасы" қанша тырысқанымен есепті өзгерте алмай өз жанкүйерлерінің сынына ұшырады.




comments powered by HyperComments

Матч-центр