Клуб жаңалықтары

28 Мамыр «ОРДАБАСЫ» ЖЕҢІСКЕ ДЕГЕН ЖІГЕРЛІГІН ОЯТТЫ. «ОРДАБАСЫ» ЖЕҢІСКЕ  ДЕГЕН  ЖІГЕРЛІГІН  ОЯТТЫ.

«Ордабасы» үш рет қатарынан алған жеңілісінен кейін бір серпілуі керек еді. Қызылжар жерінде осылай болды да. Ойынның 17-ші минутында Коронель Ортиз Фредди Хавьер есеп ашты. Есеп 1-0.

     Дегенмен Георги Дерменджиев  шәкірттері тез арада жинала білді. Қарымта қайтаруға ұмтылған қонақтар сапында Тимур Досмағамбетов кезекті бір шабуылда әуелете пас шығарған болатын.Осыған өзгелерден бұрын жеткен   Абдуллай Диакате  баспен бағыттап есепті теңестірді. Есеп 1-1.

      Екінші тайм «Ордабасы» командасының басымдығымен өтті. Соңғы кездері өз ойындарымен жанкүйерлердің сеніміне ие болып келе жатқан Ұлар Жақсыбаев жеке дара шыққан  Еркебұлан Тұңғышбаевқа тамаша пас шығарды. Өз шеберлігін тағы бір рет көрсеткен Еркебұлан жеңіс голын салды. Есеп 1-2.

      Осы есеп соңына дейін сақталып қалды. Ойын соңынан болған баспасөз мәслихатында команданың бас бапкері Георги Дерменджиев  команданың жеңіске деген құштарлығы артып келе жатқандығын айтты. Енді жерлестеріміз «Атырау» командасын қабылдайды.  

 

 




comments powered by HyperComments

Матч-центр