Новости клуба

18 october Кахабер Цхададзе: «Ойыннан алдын бізде көп күрделі мәселелер орын алды» Кахабер Цхададзе: «Ойыннан алдын бізде көп күрделі мәселелер орын алды»
«Ордабасы» командасының бас бапкері «Шахтер» командасымен өткен матчқа пікірін білдірді  

- Команданы өте маңызды жеңіспен құттықтаймын! Ойыннан алдын бізде көп күрделі мәселелер орын алды. Жоао Пауло тек бүгін түнде ұшып келді, Бриджидо екі аптадан бері жарақатты, тек екі жаттығу өткізіп, 100% ойынға дайын болған жоқ. Махлангу екі апта жұмыс жасамай, кеше тек бір жаттығу өткізді. Сонымен қатар Досмағамбетов Ұлттық құрамадан жарақатпен келді, ал кеше бастапқы құрамада ойнайтын Даутов тактикалық жаттығуда жарақат алды. Бізде кадрлық мәселелер орын алды, бірақ құдайға шүкір Механович сапқа тұрды. Бүгін біз басқа жүйемен ойнадық, төрт қорғаушы және бір плеймейкер. Және де біз U-21 құрамасынан оралған жас ойыншыларға Хаджиев пен Астановқа ойнауға мүмкіндік беріп қателескен жоқпыз, ойында олар жақсы көрінді. Қазақстан құрамасына және біздің командаға керемет футболшылар өсуде.
Ойын жайлы айтатын болсам, бірінші таймда біз басымдылық таныттық, бірақ соңғы сәттерде дәлді соққылар болмады. Механович барлығын дұрыс жасап жатқаны көрініп тұрды, бірақ ойын тәжірибесі жетпей тұрғаны көрініп тұрды, сондықтан гол соғуға немесе голдық пас беруге мүмкіндігі болмады.
Екінші таймда бізде мықты күшіміз барын білдік олар: Жоао Пауло, Бриджидо Махлангу. Және осы шешім жоспарлы еді. Тек біз Жоао мен Махлангу бірге шықаннын қалар едік, дегенмен Механовичке жіне 5 минут беруге шешім қабылдадық. Матч соңында қызбалық орын алды. Қарсылас жеңілетінін біліп жұмыла шабуылға көшті, ниеттері біздің қателік арқылы гол соғу. Ойымша осы матчта біз лайықты жеңіске жеттік. Жігіттерге ризамын, ойын үшін оларға рахмет.






comments powered by HyperComments

Матч-центр