Новости клуба

04 june Алексей Петрушин: «Шымкентте адамдар танып, келіп біздің жұмысымзға алғыстар айтып тұратын» Алексей Петрушин: «Шымкентте адамдар танып, келіп біздің жұмысымзға алғыстар айтып тұратын»
Алексей Петрушин Шымкенттік клубты 2017 жылдың маусым басында басқаруға алған болатын. Оның басшылғымен «Ордабасы» өзінің тарихында алғашқы рет чемпионаттың қола медальдарын жеңіп алды. Клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында Ресейлік маман Шымкенттік командада істеген уақыты жайлы, жанкүйерлер мен чемпионаттың жалғасуы жайлы айтып берді:

- Алексей Алексеевич, «Ордабасы» командасымен істеген уақыттағы әсерлеріңіз қандай?
- Екі түрлі десем болады. Бір жағынан басшылық қойған мақсаттарды орындадық, яғни үштікте болу. Бірақ мен өзімнің алдымда одан үлкен мақсаттар қойғанмын. Үшінші орынды сенімді алдық, төртінші орыннан айырмашылық 10-11 ұпай болатын. Ал екінші жағынан командада сол кездері қаржылық жағынан қиыншылықтар болды. Киім шешіну бөлмесінде де жағдай оншалықты жақсы болды деп айта алмаймын.

- Сол маусымда «Астана», «Қайрат» секілді командалармен қатар чемпиондыққа күресуге боларма еді?
- Мынадай жағдайды алайық. Чемпион клуб «Астанамен» біз үш ойыннан екеуін ұттық. Екі ойында өз алаңымызда өтті (3:0, 2:1), ал үшінші ойынды Астанада ойнап бір доп айрмашылығымен ұтылып қалдық. Сол кезде есімде гол ойнның аяқталуына 10 секунд қалғанда соғылды. Сол кезде біз тең ойнауымыз керек еді. Сол маусымда біз «Қайратпен» сәтсіз ойнадық. Өз алаңымызда және қонақта ұтылдық. Қонақта үлкен есеппен. Сол кезде командадағы басты ойыншылардың жарақаттары болатын. Және де бір жәйт сол кезде команда 2016 жылдан қарағанда жаңадан құрылған еді. Сондықтанда жоғары орындарды иемдену үшін командаға уақыт қажет еді. Мен тек өз пікірімді айтып отырмын. Чемпионаттың екінші жартысында туындаған мәселелер аса қиындықты тудырмаса да жоғарғы орындарды иемденуге септігін тигізген жоқ.

- Шымкенттің тұрғындары мен қала жайлы не айтасыз?
- Біріншіден мен Шымкентте Кеңес одағы кезінде келгенмін. Біз осында ойнағанбыз сондықтанда осы тұрғыдан Шымкент мен үшін сәтті қала. Осында СССР кубогінің аймағына ойнағанбыз, ұттық. Сонымен қатар Шымкентте біз 1/8 ақтықта «Спартакты» қабылдап 3:0 есебімен жеңгенбіз. Голдың бірін мен соқтым. Сондықтан Шымкент қаласы мен үшін сәтті мекен. Шымкентте түрлі адамдар тұрады, бірақ маған жақсы адамдар кездесетін. Мен қалаға сирек шығатынмын, бірақ шыққан кезде адамдар мені танып, жұмысыма алғыс айтатын. Мүмкін бар жерде қастық ойлайтын адамдар болған шығар. Бәріне бірдей ұнау мүмкін емес, дегенмен жанкүйерлермен менде жақсы қарым-қатынас болды. Ұрысқан жоқпыз, жаға ұстаған емеспіз.

- Чемпионат жалғасын тапқаннан кейін қандай қиындықтар туындау мүмкін?
- Форматқа келер болсақ, үшінші айналымды алып тастағаны жақсы болды. Пандемия кезіндегі командалардың 2 ай ішіндегі толық қанды жаттығулары болмағанын ескерсек. Ұмытпау керек Қазақстанда топ-клубтардағыдай емес, мен шет елдік командаларды айтып отырмын. Онда футболшылар пәтерлерде емес, жеке үйлерде тұрады. Оларға керектінің барлығын жеткізіп беретін еді, дегенмен алаңдағы дайындыққа ол жетпейді. Қазір мен оқып отырмын, Германияда көп ойыншылар жарақат алып жатыр. Оның себебі карантиндегі жөнді емес жаттығулар, солар денсаулыққа әсерін тигізуде. Және де көп ойын өткізілсе, ал ойыншылар 100 пайыз дайын болмаса жарақаттарда көбейеді. Сондықта 1 айналымды алып тастағаны жақсы. Онысымен қатар екі тур ойын өтті , ал алда және 20 тур бар, ойыншыларға керекті ырғақта дайындалып жаттығуға мүмкіндіктер бар. Мысалыға 2004 жылы, тек 16 команда болған кезде біз қосымды ойындар ойнайтынбыз. Екі ойын үйде, екі ойын қонақта. Ойындар 9 күндік айналсоқпамен өтетін. Менің ойымша сол формат жақсы еді. Білуімше 1-ші лига осындай циклде ойнайды, бір аптада екі ойын, және дайындыққа бір апта. Ол дегеніміз қалған 20 тур Премьер-лига үшін 4-5 айда аяқталады.

- «Ордабасы» жанкүйерлері мен Шымкент қаласының тұрғындарына қандай тілектеріңіз бар?
- Жанкүйерлер жайлы тек бір-нәрсе айта аламын, ол тек жақсы сөздер. Олар үнемі команданы қолдап отыратын, үнемі ойындарға келетін. Әрине көбірек келгенін қалайтын едік. Ең бастысы Шымкенттік жанкүйер командаға немқұрайлы қарамайтын еді. «Ордабасы» клубына тек сәттілік тілеймін. Команда өз деңгейінен төмен түспесін, және жоғарғы орындар үшін күрессін. Оларда қазір керемет мүмкіндік бар. Әрине бұл менің жекелей пікірім, бірақ «Ордабасы» жоғарғы орындар үшін күресе алады. Ал керемет қаланың тұрғындарына тек денсаулық, денсаулық, және де денсаулық тілеймін. Бұл ең бастысы.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың ақпан айынан Алексей Петрушин Қазақстанның Бірінші лигасында өнер көрсететін «Ақтөбе» командасын басқаруға алды.



comments powered by HyperComments

Матч-центр