Новости клуба

06 may Құрметті мұсылман бауырлар, қадірменді спорт сүйер қауымы,футбол жанкүйерлері! Құрметті мұсылман бауырлар, қадірменді спорт сүйер қауымы,футбол жанкүйерлері!

Барлықтарыңызды қасиетті Рамазан айының келуімен құттықтап, ниеттеріңіз қабыл болсын демекпіз!. Жүздеріңіздегі нұр, жүректеріңіздегі иман арта берсін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш, барша Қазақстан азаматтарының ынтымақ-бірлігі берік болғай! Қасиетті осы Ұлық айға  аман-есен жеткізген Алла Тағалаға сансыз шүкірлер болсын!

Рамазан – он екі айдың сұлтаны, берекелі де кешірімі мол ай. «Ордабасы» командасының құрамында да қасиетті  Рамазан айын, Жаратушы Иеміздің ұлы сыйы әрі нығметі –деп қабылдап ораза тұтқандар  қаншама. Олардың қатарында шетелден келген азаматтар да бар. Құрметті мұсылман қауымы!  «Ордабасы» командасының басшылығы, Қасиетті айда ұстаған оразаңыз, жасаған дұға-тілектеріңіз, құлшылық-ғибадаттарыңыз, әрбір қайырлы амалдарыңыз қабыл болғай демекпіз! Алла Тағала баршамызды шынайы ықыласпен Ораза ұстаушылар санатына қосып, жәннаттың есігінен кіруімізді нәсіп еткей! Рамазан айы құтты болсын!




comments powered by HyperComments

Матч-центр