Новости клуба

09 april ТЕМІРЛАН ЕРЛАНОВ: « БІЗ ҚАРСЫЛАСТЫҢ ҚАРСЫ ШАБУЫЛДАР ЖАСАУЫНА МҮМКІНДІК БЕРМЕДІК» ТЕМІРЛАН ЕРЛАНОВ: « БІЗ  ҚАРСЫЛАСТЫҢ  ҚАРСЫ  ШАБУЫЛДАР ЖАСАУЫНА МҮМКІНДІК БЕРМЕДІК»
 «Ордабасы» командасының қорғаушысы «Ордабасы» - «Ақтөбе» 3:1 кездесуіндегі алғашқы голдың авторы Темірлан Ерланов матч жайлы ойын ортаға салды.  

- Ойын аса тартыспен өтті. Ашық әрі сақ ойнауға тырыстық. Жанкүйерлер жақсы ойынға куәгер болды ғой деп ойлаймын.Осындай ауа-райында сақ əрі сенімді түрде жұмыс жасадық. Біз қарсыластың қақпаға қауіпті шабуылдар жасауына мүмкіндік бермедік, демек қорғаныс жақсы өнер көрсетті. Жəне үш гол салдық, қарсылас бір ғана  голмен жауап қатты. Бапкерлер бізге жылдам гол салуды тапсырды, бұл біздің қолымыздан келді деп ойлаймын. Ары қарай матчты сенімді түрде жеңіспен аяқтадық




comments powered by HyperComments

Матч-центр